Қоғам

Өндірістік жарақат алу көбейді

 

Үстіміздегі жылдың 11 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстағы 679 кәсіпорынды тексерген. Нәтижесінде еңбек заңнамасын бұзудың 1874 фактісі анықталыпты. Ол еңбек келісім шартының талаптарға сай болмауы, еңбек құқығының сақталмауы және жұмыспен қамтудағы олқылықтар. Сөйтіп кінәлілерге 52 млн теңгеден астам айыппұл салынған.

Былтыр облыс кәсіпорындарында 63 бақытсыздық жағдай орын алып, 12 адам қаза тапқан. Ал үстіміздегі жылдың 11 айында ғана 70 оқыс оқиға тіркеліп, онда 60-қа жуық адам ауыр жарақат алған. Еңбек инспекторлары жағдайлардың дені жұмыс берушілердің немқұрайлығынан болды деп отыр.

 

Бахтияр Жанбутин, СҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы:

-Кәсіпорында еңбек заңнамасының сақталмауы, қарапайым ережелердің ескерілмеуі себеп болып отыр.

 

Өндірістегі қайғылы оқиғалардың дені ауыл шаруашылығы саласында орын алған. Жалпы, еңбек инспекторлары өңіріміздегі ірі 20 кәсіпорынды әрдайым қадағалап отырады екен.

 

Бану Ахметова