Құқық қорғау органдары

«Заң және жасөспірім» шарасы

 

 

Міне, мына 17 жастағы жігіт бір қолында темекі, екінші қолында жастардың көбі әуес “Джин-тоник” деп аталатын ішімдік ұстаған күйі Интернационал көшесіндегі азық-түлік дүкенінің қасында тоқтатылды. Ол Айыртау ауданында тұрады, Петропавлға туыстарына қонаққа келген. Тәртіп сақшылары сол жерде айыртаулық қонаққа қатысты әкімшілік хаттама толтырып, оны кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізеді.

Полиция қызметкерлері осылай 2 күн бойы қоғамдық орындарда тексеріс жүргізіп, тұрмысы төмен отбасыларды аралаған.

Жедел алдын алу шарасы барысында кәмелеттік жасқа толмағандарға ішімдік сатудың 2 оқиғасы және бір темекі өнімдерін сату мен ұсақ заң бұзушылық фактілері тіркелді. Ал, түнде ересектердің қарауынсыз қаңғырып жүрген жасөспірімдерге қатысты 17 әкімшілік хаттама толтырылған.

 

Данаш Хамзина