Салық басқармасы

Петропавлдық көлік иелері мемлекетке 35 млн теңге қарыз

 

Бұл азаматтар көлік салығын жыл бойы төлемеген. Егер фискалды орган өкілдері дабыл қақпаса, олар қарызды қайтаруға әлі де асықпайтын сияқты. Тіпті, бір адамның мойнындағы берешек 900 мың теңгеге жақындап қалған. Дегенмен, салық басқармасында борышы барларға тағы да уақыт беріліп отыр.

 

Данияр Ералин, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасы жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі бөлімінің басшысы:

-Құрметті көлік иелері, 2013 жылға көлік құралдарына салық төлеу мерзімі 31 желтоқсанда аяқталады. Төлем 104/402 бюджеттік классификация кодына, көлік тіркелген мекен-жайлары бойынша жүзеге асырылады. Салық төлемеген жағдайда берешекті соттық тәртіппен төлету және әкімшілік жауапқа тарту қарастырылған.

 

Көлік салығын төлемей жүрген 908 азаматтың қарызын қосып есептегенде 35 млн. теңгеден асып кетеді. Оның 7 млн-нын өндіріп алу үшін 140-тан астам құжат соттың қарауына жіберіліп, 138-іне қатысты тиісті шешім шығарылыпты. Өзге тұрғындарға қарағанда біз кездестірген 2 такси жүргізушінің жауапкершілігі мол болып шықты.

 

Ризабек Омаров, такси жүргізушісі:

Салықты ай сайын 25-індетөлеп тұрамын. Налогты әрқашанда уақыт оздырмай төлеп тұрған дұрыс деп есептеймін. 10 жыл бойы осы такси қызметінде жұмыс істеп жүрмін. Көлік салығын ай сайын төлеп тұрдым, ешқашан мойнымда қарызым болған жоқ.

 

Еркін Нұрмолдин:

-Әрине, көліктің иесі уақытында налогын төлеп отыру керек. Заң жүзінде бәрін дұрыс істеп, салығын төлеп отырса ешкім тиіспейді.

 

Берік Қасен