Мәдениет

Новоишимкада 10 мың шам тағылған шырша орнатылды

 

Жарықдиодты  шамдардың арқасында шыршадан әртүрлі суреттерді көруге болады. Онда келе жатқан жыл белгісі – жылқыны ғана емес, ауданның спорттағы жетістіктерін де тамашалауға мүмкіндік бар.

 

Берік Сапанов,Ғ.Мүсірепов ауданының мәденит және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

– Мұнда 10 мыңнан астам жарық диодты шам бар.

 

12 метрлік шырша аудан басшысы Марат Тасмағанбетовтың мұрындық болуымен орнатылыпты. Новоишимск  елді мекеніне көрік берген бұл зәулім шырша ағашы тұрғындар үшін де зор мақтаныш.

 

– Мынандай әсем шыршаның бізде пайда болғаны әрине қуантады. Көз тоймайды.

-Барлығын келе жатқан мерекемен құттықтаймын. Тыныштық болсын.

-Көңіл күйіміз көтеріңкі, алдағы жылы да барлығы жақсы болады деген ойдамын.

 

Концерттік бағдарлама мерекеге жиылған аудандықтардың көңілін одан сайын көтере түсті. Аяз ата, Ақшақар балаларды ертегі әлеміне бастап, ән-жырдан шашу шашылды.

2014 жылды аудан жақсы жетістіктермен қарсы алмақ. Орақ науқанында алдына жан салмаған мүсіреповтік шаруашылықтардың көрсеткіші жоғары. Басқа салаларда да аудан өзгелеріне қарағанда көш ілгері.

 

Марат Тасмағанбетов, Ғ.Мүсірепов ауданының әкімі:

– Мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың және ауыл еңбеккерлерінің табысты еңбек етуінің арқасында биыл егін бітік шықты. 1 млн тонна өнім жинадық. Мал шаруашылығында ілгерілеушілік бар. 4 репродуктор пайдалануға тапсырылды. Бейбітшілік пен тұрақтылық – біздің басты қазынамыз.

 

Ауыл тұрғындары шат-шадыман көңіл күйде тарқасты.

 

Мағжан Ахмадина