Қоғам

Сауыншы Надежда Колковская мемлекеттік марапатқа ұсынылды

 

Мал фермасында жұмыс таңғы сағат 5-тен басталады. Надежда Колковская мұндай күн тәртібіне әбден үйреніп алған. Себебі фермада еңбектеніп жүргеніне 28 жылдан асыпты. Бастапқыда бұзау бақты, кейін сауыншы, мал дәрігері болыпты. Қазір мал шаруашылығы бөлімшесінің бригадирі.

 

Надежда Колковская, «Нежинка-Ерке» ЖШС мал шаруашылығы бөлімшесінің бригадирі:

– Жұмысқа келгенде жаным жай табады. Сауыншыларға барлық жағдай қарастырылған. Біз мал шаруашылық саласы дамып жатқанына өте қуаныштымыз. Биыл бұзаулар саны да артты, сүт те мол.

 

Бригадир бүгін сауыншылармен бірге сауын сиырлардың жаңа тобын құрауы керек. Жалпы фермада, сауылатын ірі қараның саны 430-ға жуық.

 

Роза Ярцукова, сауыншы:

– Надежда Павловна ауырып қалған кез-келген адамды алмастыра алады. Қолынан бәрі келеді. Бізді әрқашан қолдап жүреді. Өте жақсы адам.

 

Фермада барлығы 1300 бас сиыр бар. Табын саны жасанды жолмен көбейтіледі. Төлдеу көрсеткіші де жоғары, 100 аналық малға шаққанда – 85 пайызды құрайды.

Надежда Колковскаяның еңбекқорлығы мен жұмысқа деген жауапкершілігі ескерусіз қалмады. Көп жылын мал шаруашылығына арнаған жан Тәуелсіздік күні қарсаңында жоғары мемлекеттік наградаға ұсынылды. Ал, Надежда Колковская болса бұл марапат жалғыз оған емес, қиын кезеңдерге қарамастан ферманы сақтап қалған шаруашылық басшысы Мұрат Жұмабеков пен әріптестерінің арқасы дейді.

 

Материалды «Қазақстан-Петропавл» телеарнасының тілшілері әзірледі