Мәдениет

“СевКазЭнерго” суреттер байқауын қорытындылады

 

Байқауға 5 – 14 жас аралығындағы балалар қатысты. Ұйымдастырушылар үміткерлерді жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа бөліпті. 1 айдың ішінде 300-ден астам жұмыс жиналған. Жүлделі орындарға 9 сурет ілігіпті. Кристина Колесникова “Энергетика” тақырыбын шығармасында аша білген.

 

Кристина Колесникова:

-Мен суретіме қараңғы түнде жарықсыз қалған қаланы салдым. Өйткені, ол суретті көрген адамның ойына бірден жарықсыз отыру жаман екен деген ой келсін дедім. Тоқ көзінсіз үйдегі теледидар істемес еді.

 

Бұдан өзге энергетиктер “Ең жас, креативті, өнертапқыш” аталымдары бойынша тағы 8 жеткіншекке ынталандыру сыйлықтары табыс етті.

 

Яна Лайс:

-Мен әкемнің суретін салдым. Ол электрик болып жұмыс істейді. Суретімде көшелердегі үйлер, бағдаршамдар мен желі тартылған бағандар көрініс тапқан. Мен әсте бас жүлдені жеңіп аламын деп ойламаған едім. Жалпы 5 жасымнан пейзаж саламын.

 

Қиялы ұшан-теңіз фантазияға толы бейбіт елдің кішкентай тұрғындары мазмұны сан-қилы суреттер салған. Және оның бәрінде де ҚР-ның мемлекеттік рәміздері көрініс тауыпты.

 

Светлана Овчинникова, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қызметкері:

-Келіп түскен жұмыстардың арасынан біз энергетика тақырыбын аша алатын суреттерге баса мән бердік. Одан кейін қанық түстер мен бояуларға, мазмұны терең суреттерге көңіл аудардық. Қазірден бастап балалардың энергетика саласына деген қызығушылығын оятқымыз келеді.

 

Берік Қасен