Мәдениет

Поляк мәдени орталығы мерекелік көрме-байқау ұйымдастырды

 

 

Рождество мерекесі көрініс тапқан декоративті паннолар, әдемі қағаздан, жіп, мақтадан жасалған суреттер – осының барлығын көрмеде тамашалауға болады. Мысалы, «ЮНЕСКО» клубының оқушылары Иса пайғамбарға сыйларын әкелген үш патшаны бейнелеген. Жас дарындардың еңбектері бағаланып, олар 1-ші орынды жеңіп алды.

 

– Біз форма бойынша алдымен макетті сызып алдық. Кейін түрлі-түсті жіппен барлығын қаптадық.

– Көрме ерекше болды. Бұрын біз суреттер салатынбыз. Ал осы жолы жіп-мақтаны пайдаландым. Сондықтан біз осы техниканы қолданып жасадық. Қызықты болды. Бірінші рет қатысып отырмыз.

 

Жалпы көрмеге Польша елінен – 50 және Петропавлдан 70 бала қатысқан. Айта кету керек туынды авторларының ішіндегі ең жасы 5-те ғана.

 

Валентина Корнева, «Коперник» облыстық поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

– Көрмеге қатысқан балалар библиялық сюжетті негізге алып, бізге өз жұмыстарын жіберді. Туындылардан отбасы құндылықтарын сақтау, тарихты білу мен дінге деген құрметті көруге болады.

 

Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

 

Мағжан Ахмадина