Kurultai banner mobile

Спорт

Ардагерлер арасындағы шахмат сайысы

 

 

Ардагерлердің арасындағы үстел ойындарынан облыстық турнир ҚР Тәуелсіздік күніне орай өтуде. Жарысқа қатысушылар тоғызқұмалақ, дойбы және шахматтан бақтарын сынайды. Жамбыл ауданының намысын арқалаған Амангелді Әбілғазин тоғызқұмалақтан сынға түсуде. Ұлттық ойынымыздың жаңғырғаны қуантарлық жайт дейді ол.

Бұндай жарыс қаламызда алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш додаға қала мен аудандарда өткен іріктеу кезеңінен сүрінбеген мықтылар жиналды. Сайыста уақытқа шектеу қойылған. Тоғызқұмалақтың бір партиясы 40 минуттан, ал дойбы мен шахмат ойындары жарты сағаттан аспауы тиіс.

Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен марапатталды. Сондай-ақ барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

Сырым Демесінов