Қоғам

Студенттер “Қазақстан-2050” стратегиясын талқылады

 

Облыстық конференцияға ұлт көшбасшысының халыққа арналған биылғы Жолдауы арқау болды. М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенттері 4 бағыт бойынша баяндама әзірлеп, “Қазақстан-2050 стратегиясының” ел дамуындағы басымдықтарын айқындаған. Колледждің 4 курс студенті Жансерік Кәкімжан баяндамасында жұмыспен қамту, тұрмысы төмен отбастарына жәрдем көрсету мәселелерін қозғайды.

 

Жансерік Кәкімжан, М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж студенті:

– Біздің ошағымызда болып жатқан конференция бұл Елбасының стратегиясы бойынша өтіп жатыр. Бұл конференцияда мен өз баяндамамды оқимын. Баяндаманың тақырыбы “Елбасының жолдауы – елдің ертеңгі самғауы”. Бұл баяндама бойынша көптеген бағыттарға тоқталып кетемін.

 

Жиында 38 студенттің баяндамасы тыңдалды. Олар кейінгі буынды баспанамен қамту, жұмысқа орналастыру, заман талабына сай білім алу бағытында мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға кеңінен тоқталды. Жастар шешімін таппай отырған әлеуметтік мәселелерді де қозғап, оларды шешуге қатысты ойларымен бөлісті.

 

Асхат Ахманов, М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж оқытушысы:

– Бұл конференцияға қаламыздың көптеген колледж студенттері қатысуда. Конференцияның негізгі мәселелері бұл әлеуметтік мәселелер, білім сапасы, сонымен қатар индустриалды-инновациялық даму болып табылады.

 

Конференцияда үздік танылған баяндама авторлары 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады.

 

Бақыт Сәдуақасов