Білім

Облыстық білім басқармасы ескертеді

 

Бірінші және төртінші сынып оқушылары ауа температурасы 25 градус және одан төмен болған жағдайда, сондай-ақ, желдің жылдамдығы секундына 2 метрден асатын болса сабақтардан босатылады. Ал 9-сыныпқа дейінгі балалар үшін сынап бағанасы 27 градусты көрсеткен жағдайда сабақ тоқтатылады. Және барлық мектеп оқушылары үшін ауа температурасы 30 градус және одан төмен жағдайларда, желдің жылдамдығы кемінде секундына 2 метрді құрайтын болса, мектептердегі сабақтар тоқтатылады. Сондықтан, білім басқармасындағылар ата-аналарға сақтық шараларын назардан тыс қалдырмауды ескертеді.