Әр түрлі

Мұз құрсауында қалған аққу құтқарылды

 

Қанаты жараланған аққудың су тұтқынынан өздігінен шығу қарекеті қалмаған. Үш бірдей құтқарушы қанаттыны босатуға 1,5 сағат уақыт жұмсады. Аққу қауырсыны қатаймағандықтан, жылы аумақтарға ұшуға әлі тым әлсіз. Қазір қоршаған ортаның көрнекті өкілі қыс қаһарынан қайтқанша ботаникалық бақты паналайтын болады. Бұл жыл басынан құтқарылған екінші аққу балапаны.

 

Сергей Черкасов, СҚО ТЖД суда құтқару қызметінің басшысы:

Көл жағалауынан 500 метр жерде болды. Қамыс арасында жатты. Бізден үркіп, маңайына жуытпауға тырысты. Сұңқылдап, шағып алуға да әрекет етті. Оны құтқаруға келгенімізді қайдан білсін. Әйтеуір аман алып шықтық. Кеш туғандықтан ұша алмайды. Қанаты да жараланған. Жападан-жалғыз қалған аққудың тағдырына немқұрайлық танытпаған жандарға алғысымызды білдіреміз.

 

Жеңіс Ермұқанов