Қоғам

Петропавлда Тұңғыш Президент күні мерекелік концерт өтті

 

Тәуелсіз ҚР құлашын кеңге жайып, ішкі-сыртқы саясатымыз дамып, экономикамыз жылдан-жылға өркендеп, халықтың әл-ауқаты артуда. Қазір дүние жүзі қазақ елін құрметтейді. Бұл 22 жыл бұрын ел алдында Қазақстанды үлкен белестерге жеткіземін деп ант еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақ үшін жасап жатқан қадамы. Елбасымыздың армандаған істерінің барлығы жасампаз, өміршеңдігін еш уақытта жоғалтқан емес. Ұлыларды ұлықтау – ел парызы қашанда.

Солтүстікқазақстандықтар – Елбасымыздың тірегі. Ақсақал-қариялар, жас пен жасамысы Елбасымыздың асқан көрегенділікпен жүргізіп жатқан салиқалы саясатына дән риза. Бәрі тұңғыш Президентіміздің ғұмыр-жасы ұзақ болғанын қалайды.

 

Мағзұм Исағұлов:

Осы мереке қайырлы-құтты болсын. Президентіміз мәңгі жасасын. Халқымыздың көңілі тоқ болсын. Жемқорлықтар деген болмасын. Көк туымыз желбіреп тұрсын. Іргеміз берік, халқымыз тоқ, жұмыссыздық аз болсын. Президентіміз мәңгі жасай берсін, денсаулығы мықты болсын. Осы айтқан тілегім қабыл болсын.

 

Биыл қазақ елі талай белестерді бағындырып, толағай жетістіктерге жетті. Бұған барша отандасымыз куә. Әсем шыршаның айналасына жиналған жерлестеріміз егеменді елдің жеңісі бұнымен тоқталмай, келер жылқы жылында еселенетініне нық сенімді.

 

-Президенттің арқасында осындай жақсы өмірге қол жеткізіп келеміз. Міне, бостандықтың арқасында өркендеп, экономикамыз ұлғайып, халық жеңілдік көріп жатыр ғой.

– Барлық қазақстандықтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын. Бұл еліміздегі ең елеулі мерекелердің бірі.

– Өзімен жарық пен жылулық, мейірімділікті алып келетін осындай мерекелер Қазақстанда көп болсын. Мен егемен Қазақстанда көп жыл өмір сүріп келемін, шетел асып, ешқайда кетер ойым әсте болмаған. Өйткені, бұл жерде мен кең тыныстай аламын, шығармашылық шабытыма ерік беріп, алаңсыз жұмыс істей аламын.

 

Ынтымақтастық, отансүйгіштік, күш-жігер, білім, еңбекқорлық. Осы адами құндылықтардың арқасында елдің бірлігі жарасып, нәтижесінде өзгенің де бізге деген көзқарасы түзу қалыптасып, елдің экономикасы дамып келеді.

М.Жұмабаев көшесіндегі бұл LED-экранды қала әкімдігі ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай орнатқан. Үлкен монитордан Елбасымыз жайлы деректі фильм көрсетілді. Елбасымзға деген жылы лебіздерін білдіруде оның көмегіне солтүстікқазақстандықтар да жүгіне алды.

 

Берік Қасен