Билік

Мамлют ауданының әкімі журналистер алдында есеп берді

 

Аудандағы ішкі өнім көлемі 1,3 млрд теңгені құрап отыр. Ол 2012 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық. Екі қолға бір күрек таба алмай жүрген 1210 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Ауданның агроқұрылымдары да күзгі орақ науқанын табысты аяқтап, қамбаға 185 мың тонна сапалы астық құйған. Владимир Бубенко өзіне қарасты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуынан хабардар еткен соң, облыстық және республикалық БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді. Мамлют ауданының басшысы Владимир Бубенконың есебі жайлы толығырақ сәрсенбі яғни, 4 желтоқсанда көре аласыздар.

 

Мағжан Ахмадина