Мәдениет

Мәдениет қызметкерлері арасындағы кәсіби шеберлік байқауы

 

 

“Мереке-жыл бойына” атты облыстық байқауға қала мен аудандық мәдениет үйлерінің қызметкерлерінен жиналған 11 команда қатысты. Сайыскерлерге 3 кезеңді қамтитын тапсырмалар қарастырылған. Алғашқы болып сахна төрінде қалалық мәдениет үйінің “Виват, Мельпомена” командасы өнер көрсетті. Сайыскерлерге өздерін таныстыруға 3 минут берілді.

Қалалық мәдениет үйінің қызметкерлері бұл байқауға тыңғылықты дайындалыпты. Сондықтан олар бас жүлдені жеңіп алатындарына сенімді.

Өңірімізде ұйымдастырылатын  шаралрдың бірі де осы мәдениет саласының қызметкерлерінсіз өтпейтіні жасырын емес. Сондықтан олар бүгін өз араларында мықтыларды анықтауда.

Бүгінгі сайыста Жамбыл ауданының “Арт-стиль” командасы да мүмкіндіктерін байқап көрді. Олар мұндай шараларға жиі қатысып тұрады екен.

Сыннан сүрінбей өткен командалар 1,2,3 дәрежелі диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталмақ.

 

Бану Ахметова