Билік

Облыстық мәслихат сессиясында бюджетке өзгеріс енгізілді

 

Облыстық мәслихат депутаттарының саны – 31. Алайда олардың үшеуі өзге жұмыстарға ауысуына байланысты ағымдағы жылдың 27-ші қазанында сайлау өткен болатын. Онда Ақжар, Уәлиханов және Ғабит Мүсірепов аудандары атынан облыстық мәслихатқа үш депутат сайланды. Бұл жолғы  отырыс қызметке жаңадан кіріскен үш депутатқа куәлік тапсырумен басталды.

Бұдан соң халық қалаулылары 2013-2015 жылдарға арналған облыс бюджетіне өзгертулер енгізу мәселесін қарады. Ол жайында депутаттарды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшы құлағдар етті.

 

Айгүл Өтеуленова, СҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Бізге республикалық бюджеттен қосымша 63 миллион 503 мың теңге мақсатты трансферт бөлініп отыр. Оны Мамлют қаласындағы Жұмысшы кентінде бой көтеріп жатқан мектепке жұмсау көзделген. Оған осы жылы бөлінген қаражат 43 миллион 58 мың теңге, барлық соманы қосқанда ол қаржы 104 миллион 561мың теңгені құрамақ.Осыны қолдауларыңызды сұраймын.

 

Қаржыны игеру көрсеткіші жыл соңында неше пайызды құрамақ. Халық қалаулыларының бұл сұрағына облыстық құрылыс басқармасының өкілі жауап берді.

 

Серік Махметов,СҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

-Жыл соңына дейін қаржының 60 миллионын іске жаратамыз. Ол сыртқы коммуникация, электр қуаты мен су өткізуге жұмсалмақ. Бас мердігер бұл жұмыстарды желтоқсанның соңына дейін аяқтайды.

Осы күні облыстық тексеру комиссиясының мүшелігіне өткен Ләззат Шайхлесова да мемлекеттік қызметші куәлігіне ие болып, халық қалаулылары алдында мемлекеттік қызметші антын қабылдады. Жалпы жыл соңына таядық, бұл аралықта елі сенім артқан депутаттар нендей жұмыстар атқарды деген ой туады әркімде.

Депутат бұқара мен билік арасындағы көпір іспеттес. Міндеттері халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың шешілуіне жәрдемдесу, ылайым солай болғай.

 

Самат Есмағи