Құқық қорғау органдары

Заңсыз айналымнан алынған өнімдер жойылды

 

 

Мына өнімдер үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Азия» дәмханасында заңсыз ойын бизнесін анықтаған сәтте тәркіленген. 3 покер үстелі, 4 мыңға жуық фишка және 45 ойын картасы – барлығы ауыр техниканың көмегімен жермен жексен етілді.

Бұнымен қоса 4,5 мыңнан астам DVD-дискілер, ұялы телефондар мен құрылыс жабдықтары да заңсыз саудаланған. Акциз маркілері жоқ 2 мыңға жуық алкоголь сусындары, сапасы мен сақтау мерзімдері көрсетілмеген азық- түлік өнімдері де жойылды.

 

Ирина Антощенко, СҚО сот актілерін орындау жөніндегі департаменттің мемлекеттік сот орындаушысы:

-Бүгін сот актілерін орындау жөніндегі департаментте өткен жиында жойылуға тиісті және аукцион арқылы қайта сатуға жарайтын заттарды бөліп қарастырдық. Айталық ағаш өнімдерін қайта өңдеуге болады. Одан өзге тағы да басқа заттарға қатысты мемлекет бюджетін еселеуге бағытталатын барлық шараларды қолданудамыз.

 

Бұл үстіміздегі жылы ұйымдастырылып отырған осындай 8-ші шара.

 

Мағжан Ахмадина