Мәдениет

“Жас натуралист” көрмесі

 

Көрме-байқау өңірдегі барлық мектептердің 1- 8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған. Оған 500-дей бала қатысуға ниет білдіріпті. Сөйтіп олардың ішінен тек 40 баланың ғана туындысы таңдалып, үздік жұмыстар көрмеге жайылды. Жұртшылық назарына ұсынылған шығармалардың ішінде суреттер, түрлі техникамен орындалған панно және фотосуреттері бар. Айта кету керек “Жас натуралистер” көрме-байқауы туризм апталығы аясында өткізілген шаралардың ішінде соңғысы екен.

 

Қанат Шамсутдинов, СҚО туризм және кәсіпкерлік басқармасы туризмді дамыту бөлімінің бас маманы:

– Бұдан басқа туризм аптасы аясында бізде “Менің Отаным- Қазақстаным” атты шығармашылық байқау жарияладық. Осы және “Жас натуралистер” шарасына қатысушылардың арасында үздіктерді анықтаймыз. Жеңіске жеткендер Астана қаласына барады.

 

Мұнда жайылған бұйымдар жұртшылықтың қызығушылығын тудырмай қоймады.

 

– Маған табиғат бейнеленген сурет ұнады. Мен де сурет салғанды ұнатамын. Алдағы уақытта осындай байқауларға қатыссам деймін.

– Жіппен желімдеп жасаған картина маған қатты ұнады. Мұндай бұйымдар менің бөлмемде де ілулі тұр.

 

Жалпы, байқаудың қорытындысы қарашаның 28-інде шығады. Онда үздік шыққан 25 бала Астанаға саяхат жасамақ.

 

Бану Ахметова