Аптадағы маңызды жаңалықтар

“Қазпошта” АҚ СҚОФ жаңа басшы тағайындалды

 

 

Ерік Нұрақаевтың еңбек жолы 1982 жылы экономист маманынан бастау алыпты. Негізінен мемлекеттік қызметте жұмыс жасаған. Өлкедегі 2 аудан мен облыс орталығына жетекшілік етті. Облыс әкімінің орынбасары да болған. Тәжірибелі маман ендігі   “Қазпошта” АҚ жергілікті филиалын басқаратын болады.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

– Ерік Есімұлына үлкен үміт артамыз. Халықтың сұранысына ие аса маңызды әлеуметтік қызметті басқаратын болады. Бұл желі ауылдық аймақтарда да жақсы дамыған. Жаңа басшы ол жағымен екі ауданның әкімі болғанда жақсы таныс болды. Оның ұсынысымен Жамбыл ауданындағы Баян ауылында «Қазпошта» бөлімшесі ашылды. Сеніп тапсырылған ісін абыройлы атқарады деп ойлаймыз. Жергілікті билік тарапынан қолдау үзілмейді.

 

Ерік Нұрақаевтің кезекті лауазымды қызметке тұруымен “Қазпошта” АҚ басқармасының төрағасы Асхат Бейсенбаев та құттықтады.

 

Асхат Бейсенбаев, “Қазпошта” АҚ басқармасының төрағасы:

– Менің өңірге жасаған жұмыс сапарым жергілікті өкілдіктің директорын тағайындаумен тұспа-тұс келіп отыр. Сізбен бірге жұмысқа жаңа серпіліс енетініне сенімдімін. Бұл саланың жетілуіне қарқын қосуда облыстық әкімдік тарапынан да үлкен көмек жасалатынын жақсы білемін. Екі жақтың әріптестігі нығая түссін деп тілеймін.

 

Жалпы бүгінде “Қазпошта”АҚ өңіріміздің 700-ге тарта елді мекенінде бөлімшелері ашылған. Оларда 1800 артық қызметкер еңбек етеді.

 

Жеңіс Ермұқанов