Спорт

Полицейлер арасында үздік спортшылар анықталды

Барлығы 15 құрама өзара бақ пен бап таластырды. Әрбірі үш адамнан жасақталған. Сайыскерлер қаруды уақытқа бұзып-жинады. Мергендіктерін танытып, нысананы көздеп атты. Суда баттерфляй әдісімен 50 метрлік қашықтықты жүзіп бағындырды. Ауыр атлетикада білек күштерін сынады. Бұл кезеңде белтемірге тартылып, штанганы бастан асыруға тырысып бақты.

 

Қорған Төлебаев, СҚО ІІД кадрлық жұмыс басқармасының бөлімше басшысы:

– Жарыстың 5 түрі бойынша қорытынды шығарылады. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте үздік үштік анықталады. Жеңімпаздар кубок, грамотамен марапатталып, құнды сыйлықтарға ие болады.

 

Жеңіс Ермұқанов