Құқық қорғау органдары

1300-ден астам солтүстікқазақстандық қарызын өтеуден жалтарып жүр

 

Вокзал маңында 41 жасар қала тұрғыны ұсталды. Әйелдің төлқұжатын тексергенде жолда жүру ережесін бұзып, салынған айыппұлды төлемегені анықталды. Ол тұрақты жұмысы болмағандықтан қарызды төлеуге шамасы келмейтінін айтып ақталуда.

Мұндай шара жыл басынан 4-ші рет өтікізіліп отыр. Облысымызда мемлекетке борышкерлер мен алимент төлемегендер саны 1300-ден асып түскен.

Іздестіру жұмыстарының барысында 53 борышкердің тұрғылықты орны анықталды, олардың 4-і алимент төлемей жүргендер. Акция 22-не қарашаға дейін жалғасады.

 

Нұрбек Нәбиев