Спорт

Сочи-2014. Солтүстікқазақстандық мамандар конькишілерге сенім артып отыр

 

РФ  Сочи қаласында өтетін олимпиадаға өңірімізден 5 спортшы қатысып,ел үмітін ақтайды деген ой бар. Жерлестеріміздің тізімін Дмитрий Бабенко бастаған. 10 жылдан астам конькимен жүгірумен шұғылданған тәжірибелі жерлесіміз бұған дейін де 2 рет ел намысын әлемдік додада қорғапты.

 

Сергей Пермин , СҚО бойынша олипиада резервін даярлау орталығының директоры:

-Дмитрий Бабенко бүгінде барлық нормативтерді орындап, жолдамаға 95 пайызға қол жеткізген. Сондықтан ол лицензия алуға толық хақы бар. Сондай-ақ, конькишілеріміз Татьяна Сокирко мен Роман Кречтың қысқы олимпиадаға ілігуге мүмкіндігі зор. Елена Урванцеваның деңгейі орташа. Ал, Артур Сергиенкоға әлі көп дайындық қажет. Ол әлі өзін тамаша қырынан танытады деген үміттемін.

 

Қысқы олимпиада ойындарына сайдың тасындай іріктелген 5 үміткеріміз жалпы әлемдік рейтингке ену үшін 4 сынақтан өтулері қажет екен. Қазіргі таңда оның 2-уі сәтті еңсерілді дейді Сергей Пермин. Алғашқы сынақ Канаданың Калгари қаласында, 2-ші кезеңі АҚШ-та болды.

 

Сергей Пермин, СҚО бойынша олипиада резервін даярлау орталығының директоры:

-Қаңтар айында қысқы олимпиадаға дайындықтың 3-ші кезеңі Жапонияда өтеді. Содан кейін ғана Азия чемпионатымен соңғы сын аспан асты елінде қорытындыланады. Осыдан кейін ғана халықаралық дәрежедегі спорт шеберлерінің әлемдік рейтингісі анық болады.

 

Олимпиада ойындарында коньки жарысында 500-ден мың жарым шақырымға дейінгі түрлі дистанцияларға 40 ер адам және 38 нәзік жан бақ таластыратын болады.

 

Берік Қасен