Қоғам

Мүгедек балаларды емдеуде жылқылардың да көмегі бар

 

 

Иппотерапия курсының бірінші күнінде Петропавл қаласының тірек-қимыл жүйесінде ақауы бар мүгедек балалар үйінің 5 тәрбиеленушісі өтуде. Солардың бірі Абай Күзембаев. Оның аяғы туғанынан кемтар екен. 2005 жылы сол жақ аяғына, кейін 2006 жылы оң жақ аяғына ота сәтті жасалыпты. Туғаннан тағдыр тауқыметін тартқан ол қазір арнайы интернатта білім алуда.

 

Абай Күзембаев, емделуші:

– Бізді шақырды мында. Жылқыларды көрсетті. Жүреміз, отырамыз, әсері бар ғой жылқының өте көп әсері бар, көмектеседі. Денсаулыққа көмектеседі, кім жиі отырады. Неге біздің ата-бабаларымыз жиі-жиі отырды, әсері бар.

 

Иппотерапия – жылқымен емдеу әдісі. Тірек – қимыл қозғалысы нашар жандарға иппотерапияның пайдасы орасан, бұл қазіргі таңда медицинада кеңінен қолданыла бастаған ем-домның бір түрі. Жылқыға салт міну – науқастың омыртқасы мен жалпы тірек қимыл жүйесінен оң әсерін тигізеді.

 

Самат Жүнісов, Петропавл қаласының ІІБ патрульдік полиция батальонының бөлімше командирі:

– Бүгінгі іс-шара негізгі менің қызмет уақытымда бірінші болып тұрған нәрсе. Осы бүгін балаларға өз жағымыздан кішкентай болсын көмек. Бұл негізі жұмасына 3 рет дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндеріне бекітілген нәрсе.

 

Мүгедек балаларды спортқа тарту – олардың әлеуметтік бейімделуіне орасан септігін тигізеді. Жалпы иппотерапия курсында 19 мүгедек бала ем алады деп жоспарлануда.

 

Бақыт Сәдуақасов