Балалар

Жастарға сенім

 

 

Бүгінде жастар саясаты саласында әлеуметтік маңызы бар 76 жоба жүзеге асуда. Жиында жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін көтеру үшін атқарылып жатқан істер қаралды. Ең бастысы студенттерге партияның қабылданған жаңа доктринасы түсіндірілді.

 

Мұса Танақұлов, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» ЖҚ атқарушы хатшысы:

-Съезде жастарға көп көңіл бөлінді. Доктринадағы басты идеал ретінде – Ұлт көшбасшысы алынған. Біздің жастар сол сияқты үлкен мақсат, міндеттер қоя білуі керек.

 

Елдің ертеңі – жастар. Сондықтан жас ұрпақ мықты, білімді, саналы болса, мемлекеттің болашағы да жарқын, келешегі кемел болмақ. Бұл сөздердің тереңіне бойлаған колледж студенттері де алға биік мақсат-міндеттер қойған.

 

Бану Сайбанова,М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің студенті:

-Бүгінгі таңда жастардың сапалы білім алуына барынша жағдай жасалған.

 

Кездесуге келген аға буын өкілдері де Президентіміздің ел дамуындағы рөлін ерекше атап көрсетті.

 

Мағжан Ахмадина