Қоғам

Ұстаздар семинары Тұңғыш Президентке арналды

 

Мұғалімдердің таңдап алған тақырыбы ауқымды әрі өзекті. Оқушының психологиясы үйде, кейін мектепте қалыптасады. Ол үшін отбасының түзу, достарыңның дұрыс, ал педагогтардың білікті болғаны абзал. Бүгін оқытушылар қауымы осы тақырып төңірегінде біраз ой бөлісті. Ә.Досмұхамбетов атындағы гимназия-интернат  ұжымының бұл ретте айтары бар. Өйткені, дәл осы мектептің оқушылары қай істе болсын, озып алда жүреді.

 

Шегебай Нұрғожин, Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернат директорының орынбасары:

-Бала білім алуға міндетті. Соның бәріне бізде жағдайлар жасалып жатыр. Сонымен қатар, оқушыларға сабақтан тыс шеберханалар, үйірмелер өткізіледі.

 

Раушан Бисембаева мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейді. Сыныбында 10 оқушы бар екен. Олардың әрбіреуіне ерекше көңіл бөліп, көмегімді аямауға тырысамын дейді ол.

 

Раушан Бисембаева, №1 арнайы түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі:

-Бізде балаға жеке көзқарас жасаймыз. Және де олардың мүмкіндігіне қарай тапсырмаларды ұсынамыз. Тәжірибе алмасу семинар болғандықтан өзімізге көп жан-жақты мәліметтер алдық.

Ә.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатының ұжымы осылай 33 мұғалімнің басын қосып, оқушыға педагогикалық-психологиялық білім берудің түйіткілді мәселелерін талқылады. Ал, жалпы жиынды ҚР Тұңғыш Президенті күніне арнаған. Мұнда да бір мағына жатыр. Елбасының еңбегін, елдің жетістіктерін жырлап, көпбасшымызға алғысымызды білдіргіміз келді дейді педагогтар қауымы. Бұл гимназия-интернаттың оқытушысы Сәуле Досымованың сөзін де әнін де өзі жазған Президент күніне арнауында көрініс тапты.

 

Данаш Хамзина