Құқық қорғау органдары

Пара алғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

 

Күдіктінің қылмысы дәлелденсе, ол 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қолға түскен шенеунік қылмысқа қатысым жоқ деп ақталуда.

 

-Сіз ақша алдыңыз ба?

-Жоқ! Міне куәгерлер, мен қолымды тигізген де жоқпын.Ол столға қойды.

 

Шал ақын ауданы бойынша ТЖ бөлімінің басшысы Сайлау Габдуллин қызметіне былтырғы жылы ғана тағайындалған. Енді мемлекеттік қызметкер пара алды деген күдікпен ұсталды. Сезікті қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталуда. Яғни, жеке кәсіпкерден дүкен мен дәмхананың өртке қарсы дабылқаққыштар жүйесін пайдалануға беру актісіне еш кедергісіз қол қойып беремін деп, қызметіне 21 мың теңге талап еткен.

 

Нұрлан Жахин, СҚО бойынша ЭСЖҚКД баспасөз хатшысы:

-Қаржы полициясы қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шал ақын ауданы бойынша ТЖБ бастығы пара алғаннан кейін жұмыс орында ұсталды. Ол параны өзінің кабинетінде жеке кәсіпкерден алған.

 

Шал ақын ауданы бойынша ТЖБ басшысы 16 қараша күні уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды.

Өңіріміздің қаржы полицейлері мемлекеттік қызметкерлердің бизнеске заңсыз араласуына қатысты жыл басынан 6 қылмыстың бетін ашқан.

 

Бану Ахметова