Құқық қорғау органдары

Ұрыны ұстауға көмектескен оқушыларға сыйлық тапсырылды

Естеріңізге сала кетсек, “Северный” базарының жанында серуендеп жүрген Никита Воронцов пен Максим Ермаков сол жердегі сатушының айғайын естиді. Сауда орынан қашып шыққан ер адамды байқаған олар  күдіктінің ізіне түседі. Қолына ноутбукты ұстап қашқан петропавлдықтың қай жаққа беттегенін оқушылар тез арада тәртіп сақшыларына хабарлайды. Сөйтіп, екі жеткіншектің арқасында полицейлер ұрыны ұстап, ноутбукты иесіне қайтарған. Ержүректік танытқан №17 және №5 орта мектеп оқушыларының ата-аналары да ІІД басшысының алғыс хатымен марапатталды. Ал, жасөспірімдер болашақта құқық қорғау органдарында қызмет етуді арман етеді.

 

Бану Ахметова