Спорт

Еркін күрестен ел біріншілігінде облыс құрамасы 7 жүлде жеңіп алды

 

Облыс намысын қорғаған Нұрқожа Қайпасов алтыннан алқа тақты. Ол 59 келі салмақ дәрежесінде күресіп, 5 кездесу өткізген. Бұл салмақта жерлесімізбен бірге 44 палуан бақ таластырған. Осы жеңісінен кейін спортшы Қазақстан Республикасының 4 дүркін чемпионы атанды.

Спорт мектебінің тағы бір шәкірті ел біріншілігінің 3 дүркін чемпионы Досым Ержан 53 кг салмақ дәрежесінде топ жарды. Осыған дейін көптеген турнирлерде жүлделі орындардан көрінген жас чемпион әлемдік аренаны бағындыруды армандайды.

Нәзік жандылардың ішінде жерлесіміз Екатерина Фирстоваға тең келер қарсылас болмады. 52 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Екатеринаның бұл спорт түріне ден қойғанына 2 жыл ғана болыпты. Жас палуан алтыннан алқа тағынды.

Турнирде облыс намысын 7 қыз және 8 ер бала қорғады. Палуандар 10 салмақ дәрежесі бойынша сайысқа түсті.

Қазіргі уақытта спортшылар желтоқсанның 10-ында Көкшетау қаласында өтетін турнирге қызу дайындық үстінде.

 

Нұрбек Нәбиев