Бизнес және экономика

Қаржыгерлер кәсіби мерекелерін тойлауда

 

Төл теңгеміздің айналымға шығарылғанына 20 жыл. Ел тәуелсіздігімен үзеңгілес келе жатқан теңге бүгінгі күні ТМД елдерінде ең тұрақты валюта болып есептеледі. Оны өңір қаржыгерлерінің басын қосқан жиында облыс әкімі Самат Ескендіров атап көрсетті.

 

Самат Ескендіров, СҚО әкімі:

-Төл теңгемізге 20 жыл толып отыр. Осы аралықта бірқатар қиындықтардың туындағаны жасырын емес. Ұлттық валютамыз инфляция, девальвацияны бастан өткерді. Бірақ бүгінде теңгеміз тұрақты.Оның қалыптасуымен орнығуына қаржы саласы қызметкерлерінің, яғни сіздердің қосқан үлестеріңіз зор. Атаулы мерекелеріңіз құтты болсын.

 

Бұдан соң өңір басшысы еңбегімен ерекшеленген екі бірдей солтүстікқазақстандық қаржы саласының қызметкерлерін марапаттады. Статистика басқармасының басшысы Ольга Перепечина мен қаржы басқармасы жетекшісінің орынбасары Қазиза Мұхамедиеваға Самат Ескендіров қаржы министрінің атынан “Қаржы саласының үздігі” төсбелгісін табыс етті.

Салтанатты шараны қорытындылаған облыс әкімі қаржыгерлердің еңбектеріне сәттілік тіледі.

 

Самат Есмағи