Билік

Үкіметте индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасының жобасы қаралды

Селекторлық жиында талқыланған құжатпен инновация және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов таныстырды. Оны жүзеге асыруда 5,5 трлн теңге қарастырылмақшы. Есесіне өндіріс көлемін 30 пайызға, жаңа жұмыс орындарын 12 пайызға арттыру мүмкіндігі тумақ. Сонымен қатар энергия үнемдеудің тиімділігін 60 пайызға өсіру көзделген. Сондықтан бағдарламаға тек бәсекеге қабілетті өміршең жобалар кірістіріледі. Бірінші кезекте мұнай-газ өңдеу, химия және металлургия салаларына басымдық беріледі. Олар ұлттық кластерге топтастырылды. Ал аумақтық лекке ауыл шаруашылығы мен машина құрастырушы кәсіпорындар кірген. Аталмыш бағдарламаларға қатысты теріскейліктер де өз ұсыныстары мен өтініш- тілектерін білдірді. Жерлестеріміз тұжырымдамада минералдық шикізатты терең өңдеу ісін қолдауды сұраған.

 

Жеңіс Ермұқанов