Көлік және жолдар

“Петропавловск- Норд” – сала көшбасшысы

 

Серіктестік жолаушылар тасымалдаумен 1993 жылдан бері айналысып келеді. Бастапқыда бағытқа не бары 2 автобус шықса, бүгінде кәсіпорынның техникалық базасы жақсарып, қоғамдық көліктердің саны 100-ге жеткен. Соңғы 15 автобусты серіктестік қыркүйек айында сатып алған. Оның 1-еуі қалааралық бағытта қатынайтын болады. Ал қала бойынша жолаушыларды тасымалдаушы кәсіпорын тұрғындарға 5 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. 2011 және 2012 жылдардың қорытындысы бойынша серіктестік республика бойынша 30 үздік кәсіпорынның арасынан көрінді. Сөйтіп, “Сала көшбасшысы-2013” ұлттық сертификатына ие болды.

 

Болат Рахимов, “Петропавл Норд” ЖШС директоры:

-Халықаралық рейтингтік компания атқарылған жұмысты қорытындылаған болатын. Сөйтіп, біз еліміздің 30 үздік кәсіпорнының бірі атандық. Үздік жұмыскерлеріміз де лайықты сыйлықтарға қол жеткізді.

 

Серіктестік басшысы Болат Рахимовтың да кәсіпорындағы тынымсыз еңбегі ескеріліп, жақында ол “Қазақстан даңқы” орденіне ие болды. Дегенмен мұнда шешімін таппаған проблемалар жоқ емес.

 

Болат Рахимов, “Петропавл Норд” ЖШС директоры:

– Біздің кәсіпорынның құрылғанына 21 жыл. Әрине біз қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейткіміз келеді. Қазіргі кезде жұмысшыларға дер кезінде жалақысын беріп, техниканың сынған жерлерін жөндеуге қаражат тапшы. Және жаңа автобустарды алуға өзіміздің қауқарымыз жетпейді.

 

Бүгінгі таңда кәсіпорында 100 адам еңбек етеді. Юлия Костивтің серіктестікте жұмыс істеп жатқанына 5 жылдың жүзі болыпты. Ол “Еңбек жолындағы тиімділігі үшін” төс белгісін иеленді.

 

Юлия Костив, “Петропавл Норд” ЖШС пайдалану қызметінің басшысы:

– Менің міндетім – жолаушыларды тасымалдайтын автобустарды ұйымдастырып, дер кезінде оларды қажетті жерге жіберу. Бұған қалалық, қаларалық жолаушыларды тасымалдаушы автобустар кіреді. Жұмысым жеңіл деп айта алмаймын. Көп жауапкершілікті талап етеді. Дегенмен еңбегім ескеріліп, осындай марапатқа ие болғаныма қуаныштымын.

 

Бүгінде Петропавлда жолаушыларды тасымалдауымен 9 компания айналысады. Күнделікті автобуспен қатынайтын тұрғындар, осы сала қызметкерлерінің жұмысына өз бағаларын берді.

 

-Автобустар жақсы жүреді.

– 4-бағыттағы автобус жылы, күнделікті қатынайды. Ал, 25, 24-автобустардың іші керісінше суық. Автобуста қажет аялдамаға жеткенше жаурап қаласың.

– Автобустардың қызмет көрсетуіне көңілім толады. Жеке көлігі жоқ тұрғындар үшін ыңғайлы.

 

Жолаушылар тасымалдаушы кәсіпорындар көрсететін қызмет сапасын “Облыстық автокөлік одағы” қауымдастығы қадағалайды. Оларға бір айдың ішінде 10 арыз  түскен, мәселелердің барлығы өз шешімдерін тауыпты.

 

Галина Семенова, “СҚО Автокөлік одағы” қауымдастығының төрайымы:

– Біз күнделікті қала мен аудандарға қатынайтын автобустарды бақылап отырамыз. Халықтан түскен арыздарды да қабылдап, оны шешуге тырысамыз. Егер жүргузішіге бірнеше шағым түссе, онда айыпты тұлғаны жұмыстан шығаруға мәжбүр боламыз.

 

Қалада 40 автобус бағыты бойынша рейске күнделікті 300 көлік шығады.

 

Бану Ахметова