Құқық қорғау органдары

180 мың теңгеге бағаланған өмір

 

79 жастағы зейнеткердің мәйіті өз пәтерінен табылды. Қарияның денсаулығына байланысты өздігінен қайтпағандығын сырт көзбен байқау қиын емес – үйдің астаң-кестеңі шыққан. Бұл аюандыққа қатысы бар деген күдікпен жұмыссыз жүрген 36 жастағы  петропавлдық ұсталды. Сезікті бірден кінәсін мойындады. Жапашегуші одан терезесін жөндеп беруін өтінген. Қолдан келген көмегін аянып қалмаған жігіт еңбегін 7 мың теңгеге бағалаған, алайда, қария ол соманы қымбатсынып, жігітке айқайлай бастаған.

Зейнеткердің сөздері қатты тиіп, ашынғандығы соншалық, күдікті қорғануға қауқары жоқ зейнеткерді буындырып өлтірген. Кейін қарияның жиып-терген 180 мың теңгесін қолды етіп, қылмыс орнынан тайып тұрған.

 

Николай Попов, СҚО ІІД тергеу басқармасының аға тергеушісі:

– Петропавлдық бірден кінәсін мойындады. Қолымен жасағанын мойнымен көтеруге әзір екендігін айтты. Зейнеткерді бөлмеде қылқындырғанын айтты. Кейін үйдегі бар ақшаны жымқырған.

 

Қолын адам қанымен былғаған күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қылмысы дәлелденсе, 10-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Жеңіс Ермұқанов