Құқық қорғау органдары

«Жолда қабылдау» акциясы

 

 

Жол сақшылары әдетте көліктерді құжаттар мен жүкті тексеру үшін тоқтатынына темір тұлпар мінген азаматтар әбден үйреніп алған. Бірақ бұл жолы инспектор хаттама толтырмай, азаматтардың жасырын сауалнамаға жауап беруін өтінді.

“Әмбебап полицейдің” бойында маңызды деген қандай қасиеттер болу керек, негізгі істеріне қаншалықты жауапкершілікпен қарайды.

Жүргізушілерге қойылған сұрақтардың дені жергілікті полицейлердің жұмысына баға беріп, кейін олқылықтар болып жатса, оны жоюға бағытталған. Тұрғындардың бұл пікіріне сүйеніп кейін әкімшілік полиция комитеті шешім қабылдамақ .

 

Темірхан Әлкин, жүргізуші, Есіл ауданы:

-Біздің әкімшіліктегілер жұмысты дұрыстап істемейді. Шындығын айтайын жол масқара. Мен Череновкада тұрамын. Череновка десең бәрі шошиды.

 

Осы тектес өтініштерді акцияға қатысқан “Жас Отан” партиясы ЖҚ-ң белсенділері түртіп алып отырды. Жүргізушілердің пікір-тілектері ескерусіз қалмайды.

 

Аяжан Кабиева, “Жас Отан” ЖҚ белсендісі:

– Негізгі мақсат тұрғындарға құқықтық көмек көрсету болып тыбылады. Және жүргізушілерді біз жол қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жол апаттарын болдырмау үшін жасап отырмыз.

 

Айта кету керек, облыста соңғы он айда 304 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Салдарынан 42 адам көз жұмып, 302 азамат түрлі деңгейдегі жарақат алған. Жол инспекторлары бұл былтырғы көрсеткіштен төмен деп отыр. Ал, қаладағы статистиканы біз ІІБ әкімшілік полициясы бөлімінің инспекторынан білдік.

 

Андрей Харченко, Петропавл қ. ІІБ әкімшілік полиция бөлімінің инспекторы:

-Осы акцияға Мамлютка, Пресновка, Шал ақын мен Тимирязев аудандар орталықтарын да жұмылдырып отырмыз. Қазір акция Петропавлда да өтуде. Өйткені соңғы 10 айда бізде 170 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Одан 13 адам көз жұмып, 205-і дене жарақаттарын алды. Өткен жылмен салыстырғанда тек адам шығыны 2 есеге азайған. Ал жол ережесін сақтамайтындардың қатары кемімей отыр.

 

Ұйымдастырушылар әр тоқсан сайын өткізілетін осы тектес бірлескен алдын алу шаралары бұл келеңсіздіктерді азайтуға сеп боларына сенімді.

 

Берік Қасен