Құқық қорғау органдары

Полковник Зиборов қызметінен айырылды

Осыдан бір ай бұрын полиция полковнигі бірнеше көліктің соқтығысуына әкелген апатқа себепкер болған еді. Ол Chevrolet Niva автокөлігінің рөліне мас күйде отырып, Toyota және Mitsubishi Pajero маркалы көліктерді қағып, кейін оң жақ қатарда тұрған жолаушылар автобусымен соқтығысқан. Бірнеше күннен соң, бұл апаттың жазбасы ғаламторға түскен. Мас күйдегі тәртіп сақшысының әрекеттерін “Оса” автомобильшілерге қолдау көрсету бірлестігінің өкілі түсіріп алыпты.

Департаменттің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша полковник қызметтік-әскери тәртіпті бұзып, ішкі істер органдары қызметкерінің беделін түсірді деп айыпталуда.

 

Гүлмира Шоқтыбаева