Спорт

Үстел теннисінен жарыс

 

Үстел теннисі сырт көзге жеңіл көрінгенімен, жылдамдық пен шапшаңдықты талап ететін спорт түрі. Сондықтан да ойын барысында мұқият болу қажет. Бүгінгі тартысқа осындай қағиданы ұстанған “Ровесник”, “Надежда”, “Импульс”, “Родник”, “Восход” аулалық клубтарынан 9 -16 жас аралығындағы 50-ден астам оқушы келіп отыр. Қазақ мектеп-гимназиясының намысын қорғаған Әділхан Молдыбаев бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады. Жасөспірімнің бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне екі жыл болыпты. Осы уақыт ішінде бірнеше қалааралық сайыстарда жүлде еншілеген. Бұл жолы да 5-сынып оқушысы қарсыласы Владислав Смышляевты 1 таймда 11-6,  2-таймда 11-7 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

 

Әділхан Молдыбаев, жарысқа қатысушы:

-Қазақ мектеп-гимназиясында оқимын. Мен тенниске барып жүрмін. Мен Алматыға, Қарағандыға бардым.

 

Ал Жазира Сандыбаева бүгін “Ровесник” жасөспірімдер клубының намысын қорғауда. Оқушы турнирде жеңістен дәмелі.

 

Жазира Сандыбаева, жарысқа қатысушы:

-Маған теннис өте ұнайды. Теннисқа 2 жыл барып жүрмін. Менің тренерім Ерлан Сайранович.

 

Алғашқы үш күнде жасөспірімдер жеке кездесулерде бақ сынаса, жұма күні жұптық тартысқа түседі дейді ұйымдастырушылар.

 

Сергей Пюрко, Петропавл қалалық білім бөлімінің қосымша білім беретін мұғалімі:

-Тенннистен жасөспірімдер арасындағы жарыс игі дәстүрге айналған. Клубта бұдан бөлек гір көтеру, шаңғы спорты жақсы дамыған. Мақсатымыз – балалардың бос уақытын тиімді өткізулеріне жағдай жасап, қол ұшын беру.

 

Көпкүндік турнир қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен балғындарға грамота, құнды сыйлықтар табысталмақ.

 

Бақыт Сәдуақасов