Бизнес және экономика

Сенбі күні Петропавлда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

 

 

Ауыл шаруашылығының үлкен жәрмеңкесіне өңіріміздің 20 кәсіпорны қатысады. Жерлестеріміз онда 891 тоннадан астам ауылшаруашылығы өнімін саудалауды жоспарлап отыр. Жәрмеңкеге шығарылатын тауарлардың құны нарықтағы бағадан 10-20 пайызға төмен болады. Облыс орталығы тұрғындарының әсіресе ет пен көкөніс өнімдеріне сұранысы жоғары. Сондықтан биыл аудандардан еттің 16 және көкөністің 168 тоннасын әкелу көзделген. Одан өзге 625 тоннаға жуық мал азығы да сатылады. Жалпы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерінің 50-ден астам түрі саудаланбақ.

 

Евгения Сальникова, “Петропавл қ. кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” ММ жетекшісінің м.а.:

-Сағат таңғы 9-да басталатын жәрмеңке 16:00-ге дейін жалғасады. Тұрғындарға мал мен құс еті, балық, шұжық, сүт, ұн, ара шаруашылығы өнімдерінің бірнеше түрі ұсынылады.

 

М.Жұмабаев көшесінде жайылатын жәрмеңке Кәрім Сүтішев пен Абай көшелерінің аралығын қамтымақ. Өнімдерді саудалауға 60 шатыр қарастырылған.

 

Евгения Сальникова, “Петропавл қ. кәсіпкерлі, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі” ММ жетекшісінің м.а.:

-Саудаға шығарылатын өнімдердің сапасын ветеринариялық инспекцияның мамандары мен санитар-эпидемиологтар күні бұрын тексерістен өткізеді. Біз бәрін бақылауда ұстайтын боламыз. Сондай-ақ, жәрмеңке барысында концерттік бағдарламалар да ұсынылатын болады.

 

Берік Қасен