Қоғам

“Нұр Отан” партиясының жаңа доктринасы жүзеге асырыла бастады

 

 

Елбасының көреген саясатынының арқасында еліміз экономикалық және саяси бағыттарда бірталай жетістіктерге қол жеткізді. Бұл бағытта “Нұр Отан” партиясының да атқарып жатқан ісі орасан. Олар бұнымен тоқтап қалмақ емес. Өйткені жуырда Президенттің төрағалығымен өткен “Нұр Отан” партиясының кезектен тыс 15 съезінде нұротандықтарға жаңа міндеттер жүктелді. Яғни, Елбасы әлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты “Нұр Отанның” темірқазығы болуға тиісті деген болатын. Бұл ретте партия ең алдымен жаңа қазақстандық патриотизмнің үлгісін таныта білуі тиіс екенін жеткізді. Екіншіден “Нұр Отан” жалпыұлттық бірліктің ұйтқысы бола білуі қажет.

 

Артур Молдағұлов, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Съезде «Нұр Отан» партиясының доктаринасы қабылданды. Онда біздің жұмысымыздың басты бағыттары айқындалған. Яғни, адам құндылығы, конституциялық құқығы, сонымен қатар отбасы, экономика, қоғамдағы партияның рөлі көрсетілген.

 

Елбасы жүктеген міндеттерді атқаруға солтүстік өңірдегі нұротандықтар қызу кірісіп кетті. Ең алдымен жергілікті партия белсенділері халықпен жұмыс істеуде. Яғни, азаматтарды қабылдап, олардың мәселелерін шешуге атсалысуда. Мәселен, жыл басынан партияға 6,5 мың арыз келіп түскен. Оның 65 пайызы оң шешімін тауыпты.

 

Артур Молдағұлов, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

– Партияға көмек сұрай келген халықтың арыз-өтініші жерде қалмауы керек. Жыл басынан тұрғын үй мәселесі, жұмыссыздық, жәрдемақыға қатысты, материалдық көмек, балабақшаға баласын орналастыру сынды арыз-шағымдары қаралып, оң шешімін тапты.

 

Айта кету керек енді нұротандықтар арыз-шағымды жаңа форматта электронды түрде қабылдамақ. 1 айдан бері nurotan.kz сайты жұмыс істеуде. Онда қазақстандықтар толғандырып жүрген мәселелері мен партия мүшелігіне кіруге өтініштерін білдіре алады. Сонымен қатар өңір аудандарындағы “Нұр Отан” партиясы филиалы ғимараттарының құрылысы аяқталды. Осы уақытқа дейін 9 ауданда партияның өз кеңсесі болмаған.

 

Артур Молдағұлов, “Нұр Отан” партиясы СҚОФ төрағасының бірінші орынбасары:

-Ауданда тұратын тұрғындардың арыз-шағымын қабылдап, кеңес беру мақсатында республика бойынша «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалдарының ғимараттары салына бастады. Бұған дейін біздің кей аудандарда партия мүшелері нысандарды жалға алып келді. Енді, азаматтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша партия мүшелерінің көмегіне жүгіне алады.

 

Бүгінде өңірде «Нұр Отанға» 43 мың адам мүшелікке кірген. Оның 217-сы депутаттар. Облыста партияның 384 бастауыш ұйымы жұмыс істеуде.

 

Бану Ахметова