Салық басқармасы

Петропавлдық салық төлеушілердің 94 пайызы декларация тапсырудың электрондық түріне көшкен

 

 

Тың жаңашылдықты пайдаланушылардың бірі- Шолпан Нүрсейітова. Ол электрондық салық төлеуші қызметі пайда болған күннен бастап, осы тиімді жүйеге көшкен.

 

Шолпан Нүрсейітова:

– Жаңа қызмет түрі өте тиімді. Уақыт та жоғалтпайсың. Мен алғашқы бетте-ақ электронды салық төлеуге көшіп алғанмын. Жұмыс барысында қиындықтар туындамайды. Ал егер ондай жағдай бола қалса, мұнда жүрген мамандар әрдайым көмектесуге әзір.

 

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркелуге әркімнің құқығы бар. Ол үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша құзырлы органға өтініш жазу жеткілікті. Кезекте тұрып, алтын уақытын босқа кетіргісі келмейтіндер декларацияны да электронды түрде тапсырады. Ал үйінде ғаламторға шығу мүмкіндігі болмағандар бұл үрдісті салық басқармасына келіп жүзеге асыра алады. Ол үшін мұнда 19 арнайы терминал бар. Кез-келген уақытта мамандар кеңес береді. Аталмыш қызметтің бұдан өзге де артықшылығы жетерлік.

 

Жібек Күлікова, Петропавл қаласы бойынша салық басқармасының бас маманы:

-Уақыт үнемдеп, қателерді орталыққа жібермей дұрыстауға септеседі.

 

2013 жылдан бастап, патент те электронды түрде жасақталатын болды. Ол үшін салық органына өтініш жазу керек. Ол 3 күн ішінде қаралады.