Kurultai banner mobile

Спорт

Облыс командасы көркем гимнастикадан ел чемпионатында үшінші орынды иемденді

 

Шеңбермен өнер көрсетуде қыздарымыз Астана мен Шығыс Қазақстан облысынан келген қарсыластарға есе жіберіп, қола жүлдені қанжығаларына байлады. Команда сапында 6 адам өнер көрсеткен. Жалпы чемпионатқа 250 гимнаст қатысқан болатын.Жекелей сында жерлесіміз Виктория Переверзева таяқша және ленталармен өнер көрсетуде – 5-ші, доппен жаттығуда 6-шы орынға тұрақтады. Айта кететін жайт, спортшы қыз жақында ғана Халықаралық дрежедегі спорт шебері атағына қол жеткізген.

 

Мағжан Ахмадина