Спорт

Волейболдан мемлекеттік қызметшілер арасындағы жарыс


 

Алғашқы ойынның жеңісін Есіл және Қызылжар аудандарының мемлекеттік қызметшілерінен құралған командалар өз ара сарапқа салды. Есілдіктер өткен жылғы бас жүлденің иегерлері. Дей тұра қарсыласы оңай шағылар жаңғақ емес. Чемпиондарға бірден төтеп беріп, ойын басынан сәтті қорғанумен қоса, әдемі голдарды жаудыра білді. Өстіп алаңда үстемдік құрған қызылжарлықтар бірінші кезеңде волейбол торабынан доп асырар оңтайлы сәттерді туғызбады. Келесі бөлікте намысқа басып жинала білген бәсекелес тәуір өнер көрсетіп басым түсті. Қорытынды сында бабына әбден еніп алған есілдіктер дес  бермей, 2-1 есебімен үш ұпайды қанжығасына байлады.

Валентина Наймантаева, Қызылжар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы:
Жеңіске жетуге сәл ғана ұпай айырмасы жетпей қалды. Мойымаймыз. Өйткені жарыс шеңберлік айналым бойынша өтуде. Бұл дегеніңіз жарыс жолынан ысылуға әлі ертерек. Бәрімен кездесіп шығамыз. Келесі ойындарда ұтылмасақ ақтық сынға өту мүмкіндігіміз бар.

Ксения Сухова, Есіл ауданы құрамасының мүшесі:

Спорт тәртіпке үндеп, шыдамдылыққа шыңдайды. Жеңіс үшін әрбіріміз ер мінездік пен еңбекқорлығымызды танытамыз. Бұл қызметімізге де тікелей қатысты. Біріншіден, ортақ табыс үшін командамен қоянқолтық жұмыс жасау керек. Осыдан еңбек орнымызда да өте алғыр болып, жүктеген тапсырманы табысты орындауға дағдыланамыз.  

Елбасының көздегені де осы. Президент салауатты өмір салтын ұстанушылардың санын 30 пайызға дейін жеткізіп, бұқаралық спортты дамытуды мақсат етті. Ұлттың саулығы жарқын болашақтың табыс кілті екенін мемлекеттік қызметшілер жақсы түсінеді. Денсаулық шыңдалар сынға түсуге белді бекем буған өңірімізден 20 құрама тілек білдіріпті.

Берік Есетов, бас төреші:
Жылда өтеді осы турнир. Жыл сайын командалардың дайындығы өте жақсы. Үлкен нәтижелерге жетпесе де денсаулықтарын жақсартады. Ойын қимылдарына қарағанда өте жақсы. Ойын тығыз өтіп жатыр үш партиядан.  

Әуесқой қолдоп ойынының суырылып алға шыққан үздіктері үш күнге жалғасатын тартыстарда анықталатын болады.

 Жеңіс Ермұқанов