Балалар

Теңгенің мерейтойы қарсаңында

 

 

Бұндай шараны Ұлттық банктың облыстық филиалының қызметкерлері балабақшада бірінші рет ұйымдастыруда. Олар алдымен кішкентай қазақстандықтарға төл теңгеміз жайында мағлұмат берді. Қазақстанның ұлттық валютасының тарихы 1993 жылдан бастау алады. Алғашқы қағаз ақша Ұлыбританияда басылған. Ел экономикасы дамыған сайын, теңге де нығая түсті. Ал, ұлттық теңгенің дизайны 2 рет өзгертілді.

Қарашаның 15-і – Қазақстан ұлттық валютасының күні. Биыл теңгенің айналысқа енгеніне 20 жыл толмақшы. Айтулы күнге орай, Ұлттық банктің облыстық филиалының өкілдері бүлдіршіндерге тәтті базарлықтар мен “Ақша туралы ақиқат” кітабын табыс етті. Басылым 2 тілде жарық көріпті.

Ал, балабақша тәрбиеленушілері өз кезегінде ұлттық теңге жайында алған мәліметтерімен бөлісті.

Сонымен қатар балабақша тәрбиеленушілері банк қызметкерлеріне мерекелік концерт ұйымдастырып, өз қолдарымен салған ұлттық теңгенің суретін көрмеге қойыпты.

 

Бану Ахметова