ТКШ

Жыл соңына дейін «Қолжетімді баспана-2020», «Жас отау» жобалары аясында 3 үй қолданысқа берілмек

 

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жұмысы Президенттің сынына іліккен болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев банкте тәртіп орнатуды тапсырып, қаржы институтының топ менеджерлері және олардың жақындары иемденіп кеткен пәтерлер қайтарылсын деп қадап айтқан болатын. Десе де өңіріміздегі банк филиалында тұрғындарды баспанамен қамту жайы тиісті деңгейде атқарылып жатыр. Ондай заңбұзушылықтар болған емес. Пәтерге үміткерлердің өтініштері орталық кеңседе қарастырылып, компьютерлік жүйе арқылы тексеріледі.

 

Балахмет Молдинов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры:

-Салымшылар кемінде 3 жыл салымшы болуы керек. 50 пайыз жинау қажет. Біз тізімді жасаймыз. Оның барлығы интернетте болады. Фамилиялар емес, жай кодтармен жарияланады. Барлығын компьютер жасайды. Біздің қатысымыз жоқ.

 

Банк екі бағдарлама бойынша пәтерлерді тапсырады. Өткен жылы «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында 180 пәтерлі 2 баспана қолданысқа берілген. Биыл тағы жыл соңына дейін 3 үйді тапсыру жоспарланып отыр. Олардың бірі «Жас отау» жобасы аясында берілмек.

 

Балахмет Молдинов, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының директоры:

-«Жас отау» бағдарламасына кемінде 2 жыл тұрған 29 жасқа толмаған жұбайлар жатады. Егер балалары болса, онда 20 балл, ал екінші баласы болса, тағы 30 балл қосылады. Солай балдық жүйе қалыптасып, олар жалдамалы пәтер алу мүмкіндігіне ие болады.

 

Бүгіндері «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалының 11 800 салымшысы бар. Бұл көрсеткіш жыл сайын артуда дейді банк басшылығы. Егер 2012 жылы 1900 салымшы бағдарламаларға қатысуға ниет білдерсе, ағымдағы жылы олардың саны 2400- ге жеткен.

 

Мағжан Ахмадина