Мәдениет

«Жас қанат» байқауы

 

 

Міне бойлары қобалжуға толы сайыскерлер бабы мен бағын таластыру үшін өнер бәйгесіне жиылды. Олардың көпшілігі бүгін тұңғыш рет үлкен сахнаға шығып, өз мүмкіндігін паш етпек. Солардың бірі алғаш болып өнер көрсететін Асхат Хикимов. Тайынша ауданының намысын арқалаған жерлесіміз негізінен заманауи әндерді шырқағанды ұнатады екен. Бірақ бүгін қазылар алқасының назарына ол халық әні «Дударайды» ұсынды.

 

Асхат Хикимов, байқауға қатысушы, Тайынша ауданы:

– «Дудар- ай» әні ол қыз бен жігіттің махаббатын көрсететін әдемі ән. Өзім заманауи ырғақты, жылдам шырқалатын әндерді айтқанды ұнатсам да бүгін халық әнін айтамын.

 

«Жас қанат» байқауы 2 жылда бір рет ұйымдастырылады. Биылғы өнер додасына өңірімізден 19 жеке орындаушы және 3 вокалдық топ қатысуда

Сәния Жармағамбетова да бүгін байқауға қатысушылардың қатарында. Бұған дейін де талай фестивальдерде жүлдегер атанып жүрген өнерлі жас бұл сынның орны ерекше дейді.

 

Сәния Жармағамбетова, байқауға қатысушы, Жамбыл ауданы:

-Өз дайындық деңгейімді көру үшін осы байқауға келдім.

 

«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, аталмыш байқау дарынды жастарды, күміс көмей, жез таңдай әншілерді анықтауға септеседі.

 

Ботагөз Ақмағамбетова, облыстық филармонияның директоры:

– Бұл конкурс жас орындаушыларды анықтап, олардың сахнада өзін қалай ұстау керектігіне.  үйретеді. Өйткені олардың көбі үлкен сахнаға алғаш рет шығып отыр. Мақсатымыз жас таланттарды анықтап, оларға өнер әлеміне жолдама беру

 

Сайыс қортындысы бойынша 3-ші орынды петропавлдық Медет Ибадоллаев пен Есіл ауданынан келген Нүркен Сейсенбаев өзара бөліссе, 2-ші орын облыс орталығының тұрғыны Айнұр Таймышеваға тиді. Бірінші орынды да қала намысын қорғаған Айбол Тәжібаев қанжығасына байлады. Ал, бас жүлде Ғ.Мүсірепов ауданынан келген Қуаныш Ерзатұлына бұйырды. Ал топтар арасында 2-ші орынды «Бэльканто» місе тұтса, үздік топ ретінде «Микс- Арт» танылды.

 

Мағжан Ахмадина