Энергетика

Энергетиктер қысқа дайын

 

№ 2  жылу-электр орталығы қаладағы көпқабатты үйлерді жылумен және өңірдің бірқатар аудандарын жарықпен қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде жылыту маусымын бастап кеткен энергетиктер алдағы аяздарды қарсы алуға да әзірміз дейді. Осы күні орталықтағы 8 қазандық жөндеуден өтіп, іске қосылыпты. Олар өңірімізді электр қуатымен толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Облыс орталығы да жылуға 100 пайыз қосылған. Кәсіпорын жұмысқа қажетті отын қорын үнемі толықтырып отырады. Осы айдың аяғына дейін тағы бір жарым млн тонна көмір мен мазуттың 300 тоннасы жеткізілмек.

 

Радий Айтикеев, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО бас инженері:

– Қазір қорда 134 мың тоннадан астам көмір мен 1500 тоннадай мазут бар. Бұл 19 күнге жеткілікті. Дегенмен күн суытса, қосымша отын қажет болады. Сондықтан мазут пен көмір қоры үнемі толықтырылып отырады.

 

Қазір 8-ші станцияда жаңа қазандық орнатылуда. Құрылғы келесі жазда іске қосылмақ. Ал, үстіміздегі жылдың желтоқсан айында 4-ші станциядағы турбина жұмысын бастайды. Бұндай жұмыстар жыл сайын жүргізіледі.

 

Радий Айтикеев, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ 2-ЖЭО бас инженері:

– Жылыту маусымы қарсаңында қауырт дайындық жұмыстарын жүргіздік. Қазандықтарды жөндеп, тексердік. Дайындық барасында арнайы 40 шара өткізілді. Жаңа жабдықтарды іске қосу үшін қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

 

Қазіргі таңда кәсіпорындағы 11 қазандықтың 8-і мен 5 турбоагрегат жұмыс істеуде.

 

Бану Ахметова