Бизнес және экономика

Бюджет қаржысы тиімді жұмсалуы керек

 

Ел үкіметінің кеңейтілген кеңесінде Нұрсұлтан Назарбаев бюджетті тиімді игеруге қатысты сын-ескертулерін жеткізіп, осы бағытта бірқатар тапсырма берген болатын. Атап айтсақ, Елбасы мемлекеттік қаражаттың толық әрі сапалы пайдаланылуына мән берді. 9 айдың ішінде, өңір бюджетінің шығыс бөлігіне 83,9 млрд. теңге бағытталды. Осы күні аталған соманың 3,8 пайызы немесе 3 млрд 184 млн. теңгесі игерілмей қалған. Атап айтқанда, аудандық емханаларды салуға бағытталған 664 млн. теңге әлі күнге іске жаратылмай жатыр. Байқаулардың кеш өткізілуіне байланысты медициналық жабдық пен дәрі-дәрмекке бөлінген 612 млн. теңге де пайдаға аспаған. Білім беру саласында 126 млн. теңге игерілмепті.

 

Ескен Әкімжанов, СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің 2,3 теңгесі игерілмеген. Оның себебі мердігер мекемелердің кінәсінан. сонымен қатар, өндірістік жұмыстар кестесінің артта қалуы, мердігерлердің орындалған жұмыс актілерін мерзімінде ұсынбауы, шарттарды жасау және тіркеу рәсімдерінің ұзақ өткізілуі. Оның бәрі бюджеттің игерілмеуіне тіреп отыр.

 

Дей тұрғанмен, соңғы бес жыл ішінде облыс бюджетінің өсімі 43,7 млрд теңгеге жетіп, 2013 жылы 116 млрд теңгені құрады. Бюджеттің басым бөлігі, нақты айтқанда, 59 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған.

 

Ескен Әкімжанов, СҚО қаржы басқармасының басшысы:

Экономиканың өсуіне байланысты шығыстардың едеуір қаражаты білім саласына – 35,3 млрд, денсаулық сақтау саласына -16,1 млрд, халықты әлеуметтік қорғау саласына -5,1 млрд. және спорт пен мәдениет салаларына 3,4 млрд теңге бағытталды. Сомада 69 млрд теңгені құрайды, жылдан жылға бұл мәселе сақталып келеді. 2012 жылмен салыстырғанда өсім 9,7 пайызға өсіп, 6,1 млрд теңгені құрады.

 

Бюджеттің орындалу сапасын жақсарту бағытында 2013 жылдан “Қазынашылық-клиент” ақпараттық жүйесі жұмыс істеуде. Нәтижесінде бүгінде 26 бағдарлама әкімгерімен ойлайн режимде жұмыс істеу мүмкіндігі туған.

 

Ескен Әкімжанов, СҚО қаржы басқармасының басшысы:

-Әр бюджеттік әкімшілік бағдарламаларының күнделікті жұмысын көреміз. Ол мониторинг жасауға мүмкіндік береді. Бағалауға, қадағалауға мүмкіндік береді. Соның арқасында тиімді басқарамыз. Сонымен қатар, аудандарға шығамыз.

 

Жағдайды түзеу үшін 2 ай ғана уақыт қалды. Қаржы басқармасындағылар бюджеттің атқарылу сапасын арттырып, мемлекет қаражатын пайдалану кезінде заңбұзушылықтарды ескерту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыра бермек.

 

Гүлмира Шоқтыбаева