Бизнес және экономика

Ескі банкноталарды ауыстыру уақыты аяқталып келеді

 

 

Бұл купюралардың айналымнан толығымен алынып тасталуына 10 жыл беріліпті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары 1994 жылғы 1000 теңгелік және 1996 жылғы үлгідегі 2000 теңгелік ақшаларды 2003 жылдың 1 қарашасынан бастап жеке және заңды тұлғалардан қабылдап келеді.

 

Ескендір Сүлейменов, “ҚР Ұлттық банк” ММ СҚОФ маманы:

-Номиналы 1000 теңге 1994 жылғы банкнот және 1996 жылғы 2000 теңгелік ақшалар Ұлттық банк филиалдарында 2013 жылдың 1 қарашасына дейін алмастырылады.

 

Ескі банкноттардың түпнұсқалылығы сараптамамен расталғаннан кейін олар айналыстағы жаңа ақша белгілеріне айырбасталады. Бұл жұмыс ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына дейін жүреді.

 

Мағжан Ахмадина