Мәдениет

Жаңа кітаптар көрмесі



 

Көрмеге қойылған кітаптар осы тоқсанның басында келіп түскен. Жергілікті ақындардың шығармалары мен ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған, Ғ.Мүсіреповтың 110 жылдығы, тарихи деректер мен энциклопедиялар және электронды әдебиеттердің бәрін осы жерден кездестіруге болады. Балалардың сауатын ашатын кітаптар да баршылық. Марзия Қабыкеева солтүстік өңірге көшіп келгелі осы кітапханаға жиі келіп тұрады екен. Бүгінде 100-ден астам шығармаларды оқығанын айтады. Жыл басынан облыстық кітапханаға 1000-нан астам кітап түрі түскен. Осы тоқсанда – 500. Ал мемлекеттік тілде 300 түрі бар. Мұндағы оқырмандардың саны 28 мыңнан асады екен.
Жаңа кітаптар көрмесі осы аптаның аяғына дейін жалғаспақ.

 

 Гүлбану Ахметова