ТКШ

Петропавлда судың 2016 жылға дейінгі жаңа бағасы бекітілді

 

 

Еліміздің ауыз су таратушы кәсіпорындары тариф саясатын жетілдіру мақсатында жаңа шектеулі жүйеге көшті. 2015 жылға дейін жүзеге асыру көзделген жаңашылдықты “Қызылжар су” ЖШС алғашқылардың бірі болып ендірмекші. Оның аясында кәсіпорының қызмет құны бірден үш жылға бекітіледі.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Жаңа өзгерістің бірі – су мекемелерінің инвестициялық тарифі болуы керек үш жылға қабылданатын. Біздің департаментте, жоғары өңірлік министірлікте қабылданды. Инвестициялық тарифтің шамасы 1 млрд. 204 млн. теңге.

Өстіп таза ауыз су бағасының өсуін реттеп, өнім сапасының жақсаруына қол жеткізуге бағытталған ортақ тарифтің 32 пайызы инвестициялық бағдарлама мен жөндеу жұмыстарына тиесілі. Бүгінде “Қызылжар су” кәсіпорнының қарамағында 300 шақырымнан астам үлестіру желісі бар. Құбырлардың 70 пайыздан астамының тозығы жеткен. Сондықтан құрылғыларды жаңғырту үшін серіктестік басшылығы инвестицияға қарап отырмай, екінші деңгейлі банктерден несие рәсімдеген жөн болады деп шешті. Серіктестік құбырларды қалпына келтіру үшін биыл қарызға 206 млн. теңге алыпты. Жаңа тарифтің үштен бірі қызметкерлердің жалақысына бағытталады.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Табиғи монополияларды реттеу заңнамасында мекеме жұмысшыларының жалақысын өсіру туралы өзгерістер еңгізілді. Жаңа тариф бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы 71 мың теңгеге дейін көбейтіледі.

 

Тоқ көзін пайдалану, жанармай сынды өзге де өндірістік шығындар да ескерілген. Есептей келе, тіршілік көзінің бір текше метрі әуелде сұраған 2 есеге емес, 40 пайызға ұлғайтылды.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

– Су мен кәріздік желінің бір текшесі 142 теңге. Бұрын 96 теңге болатын, 46 теңгеге өсіп отыр. Жалпы су мен кәріздің бағасы халық үшін қоса алғанда 48 пайызға өсіп отыр. Бюджеттік және басқа да мекемелерге су 212 теңге кәріздік желі 186 теңгеге өсті. Бұрынғыға қарағанда 55 пайызға артық.

 

Судың да сұрауы бар. Марат Мұстафин бұл аса құнды тіршілік көзін ысырап етпеудің қамында жасалып отырған дүние дейді. Бүгінде петропавлдықтардың 55 пайызы суға есептегіш құрылғыларын орнатыпты. Ол заман талабынан бұрын  тұтынушының шығынын қысқартуды көздейтін бастама. Бұның пайдасын негізінен заңды тұлғалар мен көпқабатты баспана иелері татуда. Жеке сектордағы абоненттер жаңашылдыққа ұмтылуда белсенділік танытып жатқан жоқ. Орта есеппен әр адам айына 4 текше метр су жұмсайтын көрінеді. Уақыт көрсеткендей есептегіш қондырғы орнатпағандары қызметке өзгелерінен 2 есе артық төлейді екен. Бұл нарық заманында әлеуметтің қалтасын қағарлық жайт.

 

Марат Мұстафин, ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің СҚО бойынша департаментінің директоры:

-Қазіргі тариф бойынша есептегіш құрылғысы барлар 4 кубқа 568 теңге төлейді. Ондайлары жоқ азаматтар су мен кәрізге 1080 теңге шығынданады. Оның айырмашылығы 512 теңге. Қалай есептесек те есептеуіш құрылғыларын орнату үнемді болады. Соны халық түсінуі керек.

 

Жаңартылған баға үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан заңды күшіне енеді. Бұл тариф үш жыл бойы өзгеріссіз қолданылмақ.

 

Жеңіс Ермұқанов