Денсаулық сақтау

Үй дәрігері

 

Ресейдің Елатом медициналық құрылғылар зауытының Қазақстан нарығына шыққанына 12 жылдың жүзі болып қалды. Сол уақыттан бері, әсіресе, «Үй дәрігері» сериясымен шығатын физиотерапиялық бес аппарат түрлі дерттерден шипа іздеушілердің үлкен сұранысына ие. Петропавлда ай сайын өтетін Елатом медициналық құрылғылар көрмесінде аппараттар туралы толық мәлімет беріліп қана қоймай, қалай емдеу керектігі де көрсетіледі.

Тамара Хегай, “Еламед-KZ” ЖШС менеджері:

– «Магофон» құрылғысы ағзаға төмен жиіліктегі магниттік өріс арқылы әсер етеді. Бұл құрал тірек-қимыл жүйесі аурулары, артроз, артрит, жүрек-қантамыр жүйесі, сонымен қатар кеуде сырқаттарына шалдыққанда қолданылады.

Ал, мына “Мавиттің” ерекшелігіне келсек – ол созылмалы простатитке қарсы жақсы құрал.

Тамара Хегай, “Еламед-KZ” ЖШС менеджері:

– Мавит – әсіресе, жыныстық мүшеге суық тиген кезде простатит, 1,2-дәрежелі қуық түбі безінің ұлғаюы дерттерін емдеуде таптырмайтын құрал. Оның көмегіне көбіне ер адамдар жүгінеді.

Көптеген дерттерді үй жағдайында емдеп, алдын алу үшін қолданылатын енді бір медициналық жабдық “Фея” деп аталады. Ол ринит, гайморит, тонзиллит, фронтит ауруларын емдеуге арналған. Оның көмегімен жасалатын жылу терапиясын, тіпті, 1 жастағы сәбилерге де қолдануға болады. Ал, “Алмаг” пен “Фея” аппараттарының бар емдеу мүмкіндіктерін мына бір ғана «Теплон» құрылғысынан табуға болады. Бірнеше аурумен қатар күресетін кешенді терапияда жылытуға арналған бірден 6 элемент бар.

Тамара Хегай, “Еламед-KZ” ЖШС менеджері:

-«Теплонды» мұрын, құлақ сияқты көптеген мүшелерді жылыту үшін қолдануға болады. Қыздыратын инфра қызыл сәулелері бел, буын, демалу жүйелерінің дерттеріне шалдыққанда ем алуға жақсы. Ол кішкентай балаларға қолдануға да жарамды. Өте ыңғайлы, ең бастысы әрбірі өзіне тиімді температура режимін таңдай алады.

Елатом медициналық құрылғыларды сәуірдің 7-11 аралығында зауыт бағасымен сатып алуға мүмкіндік бар. Қосымша мәліметті 46-35-12 телефондары бойынша білуге болады.

Данаш Хамзина