ТЖ

Өрт сөндіру қызметі туралы суреттер байқауы

 

 

Су жаңа, заманауи өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған екі көлік оқушылардың назарына ұсынылды. Әсіресе, темір тұлпарға құмар келетін ұлдар жағы таңданысып, өрт сөндіру машиналарын маңайлап жүр. №7  мектептің 4 сынып оқушылары Вадим мен Дима солардың ішінде. Екеуі де құтқарушылардың жұмысы ауыр екендігін түсінеді. Ал мынадай су жаңа техника мамандарға отты жылдам ауыздықтауға көмектеседі дейді балалар.

 

 

Вадим Мажуга,Петропавл қаласы №7 орта мектептің оқушысы:

– Мына құралдар құтқарушыларға өрт сөндіруге көмектеседі. Қойылған жаңа машиналардың іші жылы екен. Ал ана көліктің ішіне 8 тонна су сыяды. Өте қызықты болды.Өскенде мен де осы адамдар сияқты құтқарушы болғым келеді. Өйткені қиын жағдайда біреуге көмектесу ол жақсы іс.

 

Дмитрий Трясков, Петропавл қаласы №7 орта мектептің оқушысы:

-Маған өрт сөндірушілер көрсеткен машиналар ұнады. Құтқарушы мамандығы ауыр әрі қызықты. Олар адамдарды ажалдан құтқарады.

 

Кейін оқушылар балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығында өткен салтанатты шараға жиылды. Мұнда құтқарушылар ұйымдастырған суреттер байқауының жеңімпаздары марапатталды. 3 жас дәрежесі бойынша өткен конкурста бүгін үздік сурет авторлары анықталды. Олардың арасында көркемөнер мектебінің оқушысы Ольга Небогина да бар. Оның ұсынған «Ғасыр апаттары» атты суреті қазылар алқасының көңілінен шығып, бірінші орынға лайық деп танылды.

 

Ольга Небогина, көркемсурет лицейінің оқушысы:

– Қазіргі күні орын алатын апаттардың дені адамдардың қолымен жасалады. Табиғатқа қамқорлықпен қарамаудың арты соқпақты болатынын суретімде көрсетуге тырыстым.

 

«Құтқарушылар балалар көзімен» деп аталатын конкурсқа өңіріміздің 100-ге жуық оқушысы қатысыпты.

 

Дмитрий Растяхин, Петропавл қаласы ТЖБ аға инженері:

-Байқаудың мақсаты ең алдымен ол төтенше жағдайлардың алдын алу. Шығармашалық жұмыстар арқылы өрттің қауіпті екендігін балаларға түсіндіру.

 

Байқау соңы балғындар ұсынған концертке ұласты.

 

Мағжан Ахмадина