Спорт

Көркем гимнастикадан – үшінші орын

 

 

Омбы қаласындағы көркем гимнастикадан өткен ашық қала турнирі мықты деген 195 спортшыны жиды. Қазақстаннан жарысқа Қарағанды мен Петропавлдың жеңілатлетшілері қатысты. 7 жасар Әдия Әлібаева спорттың бұл түріне 2 жыл бұрын ғана ден қойыпты. Ол Омбыда өткен турнирде сәтті өнер көрсетті.

 

Әдия Әлібаева, гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:

-Бізге жарыс қатты ұнады. Біз -ші орын алғымыз келген. Сол үшін көп дайындалдық. Қарсыластарымыз күшті болды. Бірақ, біз оларды жеңеміз деп ойладық.

 

Маңызды жарыстарға Әдиядан өзге топта 2 жыл бойы Айгерім Байтусова, Евгения Баканча, София Савенкова, Алина Шарипова қатысып жүр. Спортшылардың жеткен жетістіктері де аз емес. Биыл Солтүстік Қазақстан  мен Ақмола облысындағы чемпионаттарда көркем гинастикадан 2 бас жүлдені жеңіп алған.

Бұл жолы да олар өңірге құр қол қайтпады. Топ болып өнер көрсетіп, 3-ші орынды иемденді.

 

Алина Шарипова, гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:

-Бізбен бәсекеге түсетін қыздардың көп болатынын көріп, біз өте қатты қобалжыдық. Десек те, бұл бізге аса кедергі келтіре қоймады. Мен осындай додаларға көбірек қатысып, әлем чемпионы болғым келеді.

 

Бұл нәтижеге бүлдіршіндер тынымсыз дайындығының арқасында қол жеткізіп отыр дейді топтың жаттықтырушылары. Жерлестеріміз жекелей де өнер көрсетіпті. Онда Самира Омарова үздік үштікті тұйықтапты.

 

Лариса Ращенкина, гимнастикадан балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы:

-6 мен 8 жас аралығындағы бүлдіршіндердің бәсекелестері мықты болды. Мен ең алдымен өз қыздарыма ризамын. Олар сенімімді ақтай білді.

 

Алда наурыз айында Петропавлда көркем гимнастикадан облыс чемпионаты өтеді. Әзірге спортшылар сол сынға дайындалып жатыр.

 

Берік Қасен